Каталог

 

Abbott компаниясы 

Abbott компаниясы  —  өзінің негізгі міндеттері ретінде жоғары сапалы өнімдер өндіру ғана емес, сонымен қатар жүрек-тамыр ауруларын, қант диабетін диагностикалау мен емдеудің революциялық әдістерін іздеу, сондай-ақ дәрілік құралдар мен тамақтану өндірісін қарастыратын әлемдік денсаулық сақтаудағы көшбасшылардың бірі.

Abbott  заңды түрде беделді сараптамалық басылымдардың нұсқалары бойынша ең құрметті және инновациялық команиялардың рейтингісінде тұрақты орын алады.

Біздің компанияның Abbott  кардиоваскулярлық өнімі Қазақстанда ерекше назарға ие.

Толығырақ

 

 

HeartMate 3 LVAS  —  сол жақ қарыншаның жұмысын қолдауға арналған имплантталатын көмекші қанайналым жүйесі – ауыр жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын емделушілер үшін жүректі ауыстырып салуда балама және көпір болып табылады.

HeartMate 3™ LVAS туралы толығырақ білу

 

 

CentriMag™  —  жүрек-өкпе қолдауын (ЖӨҚ) қажет ететін емделушілерде гемодинамикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін магнитті ілмекпен орнатылған центрифуга түріндегі сорғысы бар көмекші қанайналым жүйесі. Жедел қарынша жеткіліксіздігімен туындаған кардиогендік шокпен ауыратын емделушілер үшін 30 күнге дейін қолдау кезеңінде RVAD немесе LVAD ретінде пайдалану үшін мақұлданған.

CentriMag™ туралы толығырақ білу

 

 

Endurity™  —  жиілікке бейімделгіш  бір/екі камералы имплантталатын жүректің электр ширатқышы. Жартылай МРТ-үйлесімді, пішіні мен өлшемі жетекші хирургтармен ұсынылған, сондай-ақ нақты уақыт аралығында 14 минутқа дейін эндограмма жазу функциясы бар.

Endurity™ туралы толығырақ білу

 

 

 

Ensite Precision™  —  Жүрек соғуының ырғақсыздығын толықтай тиімді диагностикалау үшін автоматттандыру, икемділік пен дәлділік деңгейін қамтамасыз ететін жүректі картаға түсірудің жаңа буындық жүйесі.

Ensite Precision™ туралы толығырақ білу

 

 

 


 

 

LivaNova компаниясы

Liva Nova екі ірі өндіруші Sorin Group және Cyberonics қосылуы нәтижесінде пайда болды. Бүгінгі күні компания жасанды қанайналымы (ЖҚ), оксигенация мен қанның аутотрансфузиясы жүйелерін өндіру саласында әлемдік көшбасшы болып табылады.

LivaNova қызметкерлерімен әзірленген алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдер кардиохиругияны дамытуда салмақты үлес қосты.

LivaNova компаниясының өнімдері әлем бойынша 40% аса жүрекке ашық ота жасауда пайдаланылады, бұл жабдықтың жоғары сапасы мен әзірленімдердің өзектілігін көрсетеді.

Толығырақ

 

 

АИК Stockert S5  —  функционалды, интеллектуалды, эргономикалық және сенімді жасанды қанайналым аппараты (ЖҚА) перфузиолог үшін үздік таңдау болып табылады.

S5-тің аккумулятор қуаты, ағымдағы уақытта әрбір сорғының лүпілді ағыны, кардиоплегия, қандағы газдардың арақатынасы және басқа маңызды ақпарат туралы деректерді беретін сұйық кристалды мониторы бар. Аппараттың корпусы механикалық төзімділікті ұлғайтатын және қызмет ету мерзімін ұзартатын тот баспайтын болаттан жасалған.

Stockert S5 туралы толығырақ білу

 

 

Inspire оксигенаторлары  —  көпжылдық зерттеу тәжірибелері, бүкіл әлемнің клиникалық сарапшыларының үлесі және ең үздік сапа стандарттарын қолдану негізінде әзірленген инновациялық оксигенаторлар жүйесі. Inspire көптеген емделушілер тобы үшін кардиохирургиядағы шаймалауды оңтайландыруды ұсынады.  Оксигенератор жүрек-өкпе шунттаудың әсерін гемодисперсияны төмендету, неврологиялық қорғанышты ұлғайту мен қабыну реакцияларын төмендету жолдарымен азайтуға мүмкіндік береді.

Inspire туралы толығырақ білу

 

 

 

 

XTRA аппараты  —  жоғары тиімді аутотрансфузиялық инновациялық жүйе.

Қан алу,  сондай-ақ кейіннен эритроциттерді шоғырландыру мен шаю үшін пайдаланылатын аутогенді қанды қалпына келтіретін кешенді жүйе.

XTRA туралы толығырақ білу

 

 


 

 

TransMedics компаниясы

TransMedics  —  мүшелерді ауыстырып салу саласында ғылыми флагман, сондықтан тек осы компания донорлық мүшелерді сақтауға арналған жүйелерді өндірумен айналысады. Бұл донордан реципиентке дейінгі қашықтық ұзақ уақыт алатын Қазақстан сияқты аумағы үлкен елдерде ерекше өзекті болып табылады.

TransMedics Organ Care System (OCS)  –  бұл трансплантологқа: мүшені жұмысқа қабілетті күйде ұстау, диагностика жүргізу және оңтайландыру тәрізді үлкен мүмкіндіктер беретін өзінше алғашқы патенттелген жүйе. Жүйе жүрек, өкпе, бауыр тәрізді донорлық мүшелерді ауыстырып салуға мүмкіндік береді.

Толығырақ

 

 

TransMedics Organ Care System (OCS)  —  ауыстыратын жүйе өндірілгенге дейін ауыстырылып салынатын мүше арнайы құрамдармен өңделіп, пластик пакетке салынатын, содан кейін мұзбен жабылып, мұздатқышқа салынатын болды. Мұндай сақтау әдісінің басты күрделі мәселесі отаға дейін диагностикалау мүмкін емес жанама әсерлерге әкелетін оттекке қаныққан қанмен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі болды.

Дәрігерлер ауыстырып салу уақытында асқынуларды жиі кездестірді және мамандар туындаған мәселелерді әрдайым шеше алмады. Егер АҚШ, Канада, Еуропа одағы және Аустралия аумақтарында мамандардың айтуынша жыл сайын 60 000 мүшені ауыстырып салуға болатынын, бірақ оларды сақтау мүмкін болмағандықтан пайдаланылмайтынын ескерсек оларды сақтау жүйесін өндіру басты мәселе болып табылады.

Әсіресе трансплантациялық үйлестіру қызметі дамып келе жатырған және донорлық мүшелердің алтынға татитын — үлкен тапшылығы жағдайындағы ел болып табылатын Қазақстан үшін ерекше өзекті.

Қазақстанда OCS-ты «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ табысты пайдаланады.

OCS туралы толығырақ білу

© БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН "UNICMED ASIA" 2020 ЖШС. Сайт AlmatySite.kz-та жасалған